Ким Чен Ын мен Владимир Путиннің кездесуі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ын мен Владимир Путиннің кездесуі аяқталды

13.09.2023

Бүгін Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин келіссөз жүргізді. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ол жүздесу бірер сағат бұрын аяқталып, Ким еліне аттанып кеткен.

Болжамдарға қарағанда, тараптар Мәскеуді қарумен қамтамасыз ету мәселесін талқыласа керек. Ал журналистер Солтүстік Кореямен әскери-техникалық ынтымақтастық тақырыбы төңірегінде сауал қойды. Путин «уақыт жеткілікті, барлық мәселе жөнінде әңгімелесеміз» деп жауап қайтарған. Сонымен қатар, Кремль басшысы Кимге барлаушы жерсерік жасауға көмектесуге уәде берді. Айта кетсек, санкция құрсауындағы Солтүстік Корея Ресейдің энергетикалық шикізаты мен азық-түлігіне де мұқтаж.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу