COVID-19 жұқтырған жүкті әйел шалғай ауданнан Оралға ұшақпен жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 жұқтырған жүкті әйел шалғай ауданнан Оралға ұшақпен жеткізілді

24.12.2020

БҚО-да коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел шалғай ауданнан Оралға ұшақпен жеткізілді. Бөкей ордасы мен облыс орталығының арасы 600 шақырым. Егер көлікті пайдаланғанда келіншектің жағдайы нашарлап кетер еді. Сондықтан санавиациямен барған дәрігерлер тобы науқасты арнайы қорғаныш капсуласына салып алып келді. Бесінші балаға жүкті әйелдің жағдайы қазір орташа ауыр.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу