Жазғы Азия ойындарында жүлде алған елдегі спортшыларға қанша ақша төленетіні белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы Азия ойындарында жүлде алған елдегі спортшыларға қанша ақша төленетіні белгілі болды

12.09.2023

Туризм және спорт министрлігі жазғы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қанша ақша төленетінін жариялады. 

Чемпион атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Екінші орын алған спортшыға 5000, ал бапкеріне 3000 доллар беріледі. Қоржынға қола салса, спортшы 3000, жаттықтырушысы 2000 АҚШ долларын алады.

Хабарламаларға жазылу