Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы тұңғыш рет халықаралық «Euroskills» чемпионатынан жүлделі оралды

Қазақстан құрамасы тұңғыш рет халықаралық «Euroskills» чемпионатынан жүлделі оралды

Қазақстан құрамасы тұңғыш рет халықаралық «Euroskills» чемпионатынан жүлделі оралды. Польшада өткен білім бәйгесіне әлемнің 32 елінен 600-ге жуық IT саласында білім алып жүрген студент қатысқан. Отандастарымыз Руслан Юсупов, Андрей Степанюк және Станислав Горецин үздік деп танылды. Олар күміс және қола медальдармен марапатталды. Осы жетістіктің нәтижесінде Қазақстан «Уорлд-Скилс» халықаралық рейтингінде 14-ші орыннан 10-шы сатыға көтерілген. Елдегі бірқатар оқу орны бұл байқауға студенттерді дайындау мақсатында шеберлік орталықтарын ашқан.  

 Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары: 

180 колледж «Жас маман» жобасы бойынша толығымен заманауи құрылғылармен жабдықтаудан өтті. Соның ішінде 212 құзыреттілік орталықтары ашылды. Соның ішінде 13 орталық  IT саласына бағытталған. 


Қуандық Танабас

Бөлісу