«Қазақстан халқына» қоры кезекті қайырымдылық шарасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоры кезекті қайырымдылық шарасын өткізді

11.09.2023

«Қазақстан халқына» қоры білім беру мекемесіне қолдау көрсетті. Бұл жолы Астанадағы нөмірі 3-арнайы мектеп заманауи жабдықтармен қамтылды. Мұнда 351 ерекше бала оқиды. Қордың есебінен логопед, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті, слесарь-ұста шеберханалары, акт залы мен спорт залы жаңартылып, жабдықталды. Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қорының білім беру ұйымдарын жарақтандыру бойынша түзілген бағдарламасы бар. Соның аясында ел бойынша 98 арнайы мектепке қолдау көрсету жоспарланған. Бұдан бөлек, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми–практикалық орталығы» жаңартылмақ.

Эльвира Әбішева, қала тұрығыны:

4 Жыл болды. Осы мектепте біз де өсіп келе жатырмыз балам екеуміз. Баламның диагнозы аутизм. Мектепке келгенде мүлде сөйлемеген. Ең басында мүлде сөйлемеген. Қазір бірте-бірте ашылып келе жатыр. Сол үшін мектеп ұстаздарына үлкен алғысымды білдіремін.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу