Пәкістан мен Ауғанстан шекарасы жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасы жабылды

08.09.2023

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында тәліптер қақтығысының салдарынан негізгі өткізу пункті жабылды. Көршілес елдер арасында жүк таситын жүздеген көлік тұрып қалған.

Бұл екі жаққа да тауар жеткізуді қиындатып отыр. Жергілікті полиция тәліптердің жанжалдасуына не себеп болғанынан бейхабар. Қазір тергеу жүріп жатыр. Айта кетсек, Пәкістан-Ауғанстан арасындағы шекараның ұзындығы - 2600 шақырым. Осы шекара үшін қос тарап ондаған жыл бойы дауласып келеді.


Арыстан Рысбек 

Хабарламаларға жазылу