Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы негізгі шекара өткелі жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы негізгі шекара өткелі жабылды

22.02.2023

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы негізгі шекара өткелі жабылып, мыңдаған көлік өте алмай тұр. Соның салдарынан азық тасымалы тоқтап, екі жақта да бизнес зардап шегіп отыр. Барлығы 6 мыңдай көлік тұр. Ал өткізу пунктінің жабылу себебі белгісіз.

«Талибан» өкілі дүйсенбіде Reuters агенттігіне берген сұқбатында «Пәкістан транзитке, саяхатшылар мен емделуді мақсат еткен науқастарға рұқсат беру туралы міндеттемесін орындамады» деп мәлімдеген. Пәкістан үкіметі бұл мәселеге қатысты ашық мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен жергілікті тұрғындардың айтуынша, Торхам пунктінде ақпанның 20-да қарулы қақтығыс болған. Тәліптер мұны растамай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу