Биыл «Бір белдеу - бір жол» жобасына 10 жыл. Осыған орай Астанада арнайы конференция өтті. Жиынға Қытайдан келген делегация 2013 жылы «Бір белдеу - бір жол» идеясын алғаш рет Елорда төрінде Қытай басшысы Си Цзиньпиннің ұсынғанын еске алды. Яғни, бұл ауқымды жобаның алдымен елордада айтылуы Қытай үшін Қазақстанның ынтымақтатық жолында маңызды рөл атқаратынын білдіреді деді. «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы біздің транзиттік әлеуетімізді одан ары арттырып, табысымызды еселеуге септігін тигізуде. «Бұл жобаның негізгі символы көк және сары түс», - дейді жиынға қатысушылар. Яғни, мұндағы көк түс әлемдік нарыққа теңіз арқылы шығуды білдірсе, ал сары түс жол арқылы жетуді білдіреді деп отыр. Осыған байланысты өздерінің кәдесыйларын алып келіп, оның маңыздылығын түсіндірді.
Янг Лью, Қытай халықаралық импорт экспо көрмесі ұйымының журналистика және медиа бөлімінің басшысы:
Бүгінгі конференция барысында медиа сала бойынша бірнеше келісім-шартқа қол қойдық. Іскерлік қарым-қатынасымызды дамытуға ниеттіміз. «Бір белдеу - бір жол» жобасы арқылы транзиттік әлеуетті ғана емес, ақпарат саласында да тәжірибе алмасуды, бұл саланы жан-жақты дамытуды жоспарлап отырмыз.
Самал Қабышева