Президент Су ресурстары және ирригация министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Су ресурстары және ирригация министрін қабылдады

06.09.2023

Президент су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовті қабылдады. Мемлекет басшысы су ресурстарын басқару бойынша бірқатар өзекті мәселеге тоқталды. Министрлікке су шаруашылығы инфрақұрылымдарын кең көлемде жаңғыртып, суды есептеу және бөлу жүйесін цифрландыру міндетін жүктеді. Мемлекет басшысы жаңа Су кодексін уақтылы қабылдау қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру және министрлікке қарасты ұйымдарды трансформациялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу