Бүгін Үкіметтің жаңартылған құрамы алғашқы отырыстарын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Үкіметтің жаңартылған құрамы алғашқы отырыстарын өткізді

06.09.2023

Бүгін Үкіметтің жаңартылған құрамы алғашқы отырыстарын өткізді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары болды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметінше, жоба ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, ІТ, көлік-логистика, туризм, құрылыс сияқты салаларды қамтитын 100 іс-шарадан тұрады. Әлихан Смайылов жоспардағы жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау үшін орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін еске салды.  


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу