Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында мылтықтан оқ атып, үш адамды жарақаттаған күдікті ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, шаруа қожалығының 48 жастағы иесі мас күйінде ауыл тұрғынымен төбелескен. Артынша өзінің «Lexus» көлігінен әйелінің атына тіркелген мылтығын алып, қарсыласына бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан 34 жастағы ер адам мен 59 жастағы көрші әйел мен оның екі жасар немересі жарақаттанды. Барлығы да аудандық ауруханаға жеткізілген. Ер адам дәрігер көмегінен соң ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал кішкентай қыз анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жіберілді. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары бірқалыпты. Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан бой тасалаған.
Арман Оразалиев, Облыстық полиция департаментінің бастығы:
Полиция департаментімен жедел-іздестіру іс–шараларын жүргізу қолға алынды. «Тосқауыл» жедел-жоспары енгізілді және өңірдің барлық жеке құрамына бағдар берілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, ол Сырым аудандық полиция бөліміне уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ардақ Мұратқызы