Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды
Бүгін атқарушы билікте бірқатар ауыс-түйіс болды. Мемлекет басшысының жарлығымен Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды. Үкмет басшысы осы өңірге арнайы барып Әбілқайыр Сқақовты облыс активіне таныстырды. 45 жастағы шенеунік Керекудің төл тумасы. Бұған дейін қаржы, салық сынды салаларда еңбек еткен. Премьер-Министр су жаңа әкімнің тәжірибесі мол, елдің үдесінен шығады деп сенім білдірді.
Сонымен қатар Шымкент шаһарына да жаңа әкім тағайындалды. Үшінші мегаполисті бұдан былай Мұрат Әйтенов басқарады. Бұған дейін ол қала әкімінің бірінші орынбасары болды. Жаңа басшыны Президент әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошанов таныстырып, Шымкентті дамыту жөнінде бірнеше тапсырма берді.
Ербол МӘНДІБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында топ жарды
08.05.2026, 17:25
Саз бен сөздің саңлағы Ілия Жақанов 90 жаста
08.05.2026, 17:22
Шымкентте «Даңқ» мемориалы мен бірнеше ескерткіштің аумағы тазартылды
08.05.2026, 17:19
Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды
08.05.2026, 17:18
Кезекте тұрған тұрғындарға жаңа баспана берілді
08.05.2026, 17:16
Ұлттық ұланның салтанатты шеруі өтті
08.05.2026, 17:14
Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім
08.05.2026, 17:12
Ақмола облысы Родина ауылында жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 17:08