Шымкентке жаңа әкім тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

19.08.2015
Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

Ғабидулла Әбдірахымов   Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген, деп хабарлайды inform.kz

1996-1997 жылдары - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті.

1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы.

2000-2001 жылдары -   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі.

2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2008 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.

2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы.

2013 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2006), 3 медалі бар. 

 

 

Хабарламаларға жазылу