Асқар Жұмағалиев «KAZsport» телеарнасын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Жұмағалиев «KAZsport» телеарнасын құттықтады

01.07.2014
Асқар Жұмағалиев «KAZsport» телеарнасын құттықтады

ҚР Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев «KAZsport» телеарнасының туған күнімен құттықтады.

«Еліміздегі тұңғыш спорттық арнаның 1 жылдығымен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Көрерменге ұсынар қызықты матчтар мен сюжеттеріңіз көп болсын! Сіздер аз уақыттың ішінде қазақстандықтардың сүйікті арнасына айналдыңыздар», - делінген твиттердегі хабарламада.

Сонымен қатар, теларнаны Қазақстан футбол федерациясы мен 2015 жылы Алматыда өтетін шаңғыдан Әлем чемпионатының ұйымдастыру комитеті де твиттерде құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, «KAZsport» телеарнасының ашылғанына бүгін 1 жыл толды.

Хабарламаларға жазылу