Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин журналистерді Байланыс және ақпарат күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин журналистерді Байланыс және ақпарат күнімен құттықтады

27.06.2016
Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин журналистерді Байланыс және ақпарат күнімен құттықтады

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламенттің тыныс-тіршілігін насихаттап жүрген журналистерді Байланыс және ақпарат күнімен құттықтады. Үздік атанып, марапатталғандардың қатарында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымы да бар. Биылғы мереке ұйымдастырылуы жағынан бұрынғыдан ерекше. Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин тәуелсіз Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалардың табысты жүзеге асуында БАҚ өкілдерінің де үлесі зор»,- деді. Төраға депутат пен журналистің жұмысы ұқсас, екеуі де ел мүддесі үшін әрі халыққа қалтқысыз еңбек ететіндігін баса айтты.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу