Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі Тәуелсіздік күніне орай мәдени шара өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі Тәуелсіздік күніне орай мәдени шара өткізді

01.09.2023

Өзбек елінің егемендік алғанына 32 жыл толуына орай Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі салтанатты қабылдау өткізді. Бауырлас халықтың мерекесіне еліміздің үкімет мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы өзбек диаспорасы қатысты. Шарада Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев екі ел арасындағы ерекше достықты атап өтті. Сондай-ақ қонақтарға ұлттық дастарханнан дәм ұсынылып, салтанатты қабылдау соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу