Әскери техникалар өз елімізде шығарылатын болса, қауіпсіздік жағдайымыз күшейеді – жауынгер
Президенттің биылғы Жолдауын Талдықорғандағы әскерилер де мұқият тыңдады. 18/404 әскери бөлімінің 200-ге жуық жауынгері мен офицері Мемлекет басшысының ел дамуындағы әр жоспарына ерекше мән беріп отыр. Әскери техника мен қару-жарақты өзімізде құрастыру қажеттілігін отан қорғаушылар да жақсы түсінеді. Елдің қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қорғаныс әлеуетін нығайту міндеті тұр. Сондай-ақ мемлекеттің экономикасын дамытудың ең бір тиімді тетігі бұл туризм саласы, дейді десантшылар.
Ерасыл Қартқожа, қатардағы жауынгер:
ҚР Президенті биыл туризмді дамыту керек деді. Оны өте қолдаймын. Жетісу облысында көптеген туристік аймақтар өте көп. Мысалы Жаркент қаласында көне мешіт бар. Сол жерде туризмді дамытса, Алакөл, Балқаш басқа да туризмді дамыту керек жерлер көп. Егер де шет мемлекеттен біздің Қазақстанға туристер келсе, экономика, сауда саттық барлық жағынан дамиды,
Сұлтанбек Қашқаров, 18/404 әскери бөлімінің офицері:
Егер де осы әскери техникалар өзімізде шығарылатын болса, біздің қауіпсіздік жағдайымыз күшейеді. Және де өз-өзімізге техника шығарып, қамтамасыз ете алатын боламыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл зейнетақы жинағының ең төменгі шегі өзгермейді
09.04.2026, 10:14
Семейде қаңғыбас иттер баланы талаған
09.04.2026, 10:12
Ресейде санкция салдарынан жаппай қысқарту белең алды
09.04.2026, 10:09
Нетаньяху: Соғысты кез келген сәтте қайта бастауға дайынбыз
09.04.2026, 10:07
Ливанда израильдің шабуылынан 254 адам қаза тапты
09.04.2026, 10:04
Еліміздің кей аймағында қар жаууы мүмкін
09.04.2026, 10:04
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
09.04.2026, 10:03
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57