Ауылдарға медициналық мекеме салуға 39,9 млрд теңге қаржы бөлінді
Үкімет ауыл медицинасы үшін 40 млрд теңге бөлді. Бұл ақшаға алғашқы көмек көрсететін 655 медициналық-санитариялық нысан жаңадан салынады. Әрі орталық аудандық ауруханалар қайта жаңғыртылады. Ауқымды іс Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылып жатыр. Жобаларды қаржыландыру сметалық құжаттардың әзірлігіне қарай, өңір әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес жүзеге асады. Әзірге, 297 нысанның жобалық құжаты дайын тұр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау белсенділері «Қазмедиа» орталығымен танысты
11.12.2025, 17:38
Ясауи хикметтерінің көне қолжазбасы табылды
11.12.2025, 17:35
Ғылыми зертханалардың инфрақұрылымын күшейту маңызды
11.12.2025, 17:33
Қарағандыда 12 жастағы бала қоршаған ортаны қорғауға шақырады
11.12.2025, 17:31
Павлодардың көшесін «Amanat» партиясы тазалап жүр
11.12.2025, 17:29
Өскемендегі өндіріс орындарына ₸2 миллиард айыппұл салынды
11.12.2025, 17:27
Атыраудағы ауылда өрт сөндіру пункті ашылды
11.12.2025, 17:24
Түркияда да интернет-алаяқтар көбейіп кеткен
11.12.2025, 17:21