Астанада әскери қызметкерлердің жанар-жағармай ұрлау дерегіне қатысты соттың алдын ала тыңдалымы өтті. Іс бойынша 5 адам айыпталып жатыр. Процесті Астанадағы әскери сот ғимаратында Ақмола гарнизонының әскери соты қарауда. Айыпталушы Нұржан Жақсыбаев судьяға істі қайта тергеуге жіберу жөнінде талап арыз түсірді. Айтуынша, 2020-2022 жылдары «Ұлттық Ұлан» Бас қолбасшылығы жанар-жағармай қызметінің бастығы лауазымын атқарған. Ал тергеу деректерінде жанар-жағармай ұрлығы 2017 жылдан басталады дейді. Сондықтан істің қайта тергелуін талап етуде. Ал айыпталушының өтініші бойынша шешімді судья бүгін түскі 12-де шығарады.
Нұржан Жақсыбаев, «Ұлттық Ұлан» Бас қолбасшылығының Тыл басқармасы жанар-жағармай қызметінің экс-бастығы:
Мен айыпталушылардың бірі болып келемін. Мен 2020 жылдың 15 шілде айында тағайындалғанмын. Ол кезде дейін мен Санк-Петербургте Ресей Федерациясында оқуда болдым. Жанұяммен Қазақстанда болмадым. Тағайындалып жатқан соммасы 488 млн теңге. Ол жалпы 5 адам деп отыр. Ал мен өзім жалғыз 464 млн теңге ұрлаған деп маған айып тағылып отыр.
Самал Қабышева