Ыстамбұлда жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстамбұлда жарылыс болды

18.04.2022

Төтенше оқиға қаланың Бейоғлы ауданында тіркелді. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Жарылыстан зардап шеккендер туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Ал куәгерлердің сөзінше, он шақты адам жапа шеккен.

Бұған дейін Түркия қорғаныс министрлігі Күрдістан жұмысшылар партиясы ел аумағында ауқымды лаңкестік шабуыл ұйымдастырмақ болды деп мәлімдеген еді. Сол үшін оларға қарсы операция бастағанын айтты. Шабуыл барысында күрдтердің Солтүстік Ирактағы бекіністері жойылған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу