Мейрамхана бизнесінен бір жылда қазынаға 90 млрд теңге салық түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамхана бизнесінен бір жылда қазынаға 90 млрд теңге салық түскен

24.08.2023

Былтырдан бері бір ғана мейрамхана бизнесінен 90 млрд теңгеге жуық салық түскен. Ал ел қазынасын еселеп отырғандардың басым бөлігі - Алматы қаласынан. Дәл осы рестораторлық кәсіпке ден қойғандардың да қатары артуда. Соңғы бір жарым жылдың ішінде 8 мыңнан аса кәсіп иесі дәл осы мейрамхана бизнесі бойынша тіркелген.

Мейрамхана бизнесі бойынша былтыр 5 мыңнан аса кәсіп иесі тіркелсе, биылғы жылдың жеті айында олардың саны 3,5 мыңға жуықтаған. Бұл ресми түрде салық органына тіркелген мейрамханалардың статистикасы. Яғни соңғы бір жарым жылдың ішінде елімізде 8 мыңнан аса мейрамхана ашылған. Басым бөлігі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:

2022 жылдың қорытындысымен тек ғана мейрамхана бизнесінің өзінен бір жыл бойында еліміздің қазынасына 50 млрд теңгеге жуық салық түскен. Ал 2023 жылдың тек жеті айында дәл осы мейрамхана бизнесінен ел қазынасына 38 млрд теңге салық түскен.

Ал келушілердің көбі қоғамдық тамақтану орындарының саны ғана емес, қызмет көрсету сапасының да арта түскен айтады.

Сондай-ақ тамаққа тапсырыс берушілер саны да күрт артқан.

Вероника Нұрпейісова, ҚР қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрайымы:

Үйден тапсырыс берушілер қатары көбеюде. Жалпы елімізде 73 мыңнан аса қоғамдық тамақтану орны бар. Сондай-ақ осындай жерлерде маңызды кездесулерді өткізуде жиіледі. Себебі бұл жерде интернетттен бастап барлық жағдай жасалған.

Жалпы қоғамдық тамақтану орындарынан соңғы бір жарым жылда 150 млрд теңгеге жуық салық түскен. Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биылғы кіріс 24 пайызға артқанын айтады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу