Қазақ-қырғыз шекарасында 430 жүк көлігі жиналып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз шекарасында 430 жүк көлігі жиналып қалған

22.08.2023

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері кептелісте тұр. Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше бүгін күндіз сол елден келе жатқан 430 жүк көлігі жиналып қалған. Ал Қазақстанның шекара қызметі ешқандай шектеулер енгізілмегенін хабарлады. Құзырлы мекеменің баспасөз қызметі бәрі де штаттық режимде жұмыс істеп жатыр деп мәлімдеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу