CMC корпорациясы Қазақстанда энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

CMC корпорациясы Қазақстанда энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ниетті

22.08.2023

CMC корпорациясы Қазақстанда энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен қытайлық кәсіпорынның вице-президенті Чжао Чжэнсянмен кездесуде айтылды. Сонымен бірге, тараптар энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Үкімет басшысы қолданыстағы электр станциялары жаңғыртылып жатқанын, екі қалада жылу электр орталықтары салынатынын жеткізді. «Сондай-ақ CMC-дің энергетикалық жобаларға қатысу арқылы инвестиция ауқымын кеңейту жөніндегі ниетін құптаймыз», - деді. Өз кезегінде Чжао Чжэнсян бірлескен жобаларды әзірлеуге және арадағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға дайын екенін айтты.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу