«ЭКСПО» қалашығында бүгін Вьетнам Социалистік Республикасының ұлттық күні өтті. Бұл елдің павильоны баламалы энергия көздері саласындағы жаңа жобаларға арналған. Экпозициялар - мемлекеттің тарихы, мәдениеті мен тұрмысы туралы сыр шертеді. Вьетнам миллиондаған тұрғындар үшін жеткілікті энергияны өндіруге талпынуда. Олардың басым бөлігіне электр энергиясы қолжетімсіз. Негізгі үрдіс - таза және төмен көміртекті жаңартылатын энергия көздеріне ауыстырылуда. Мемлекет жанартылатын энергия көздеріне бағыт алған, соның ішінде Күн және жел энергиясы басым. 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерін пайдалану коэффициентін 10,7%-ға ұлғайту жоспарлануда. Ал, біздің елмен сауда-саттық саласында әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстанның экспорты былтыр 167 миллион доллардан асқан.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Вьетнам ортақ ілкімді жобаларды жүзеге асыруға ниетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/78076/)