Күйші Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған конференция өтті
Алматы облысы дәулескер күйші Қожеке Назарұлының 200 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өтті. Өнерпаздың өмірі мен шығармашылығы, ұлт азаттығы жолындағы жанкештігі баяндамаға арқау болды.
Сонымен қатар «Тағдыры күйге айналған Қожеке» атты екі томдық кітап оқырманға жол тартты. Бірі күйші Қожеке Назарұлы туралы зерттеулер мен мақалаларға арналса, екінші кітапта сазгердің күйлері нотаға түсіріліп жинақталған. Қожеке Назарұлы XIX ғасырда патша билігіне қарсы шығып, елін аман алып қалу үшін Қытайға көш бастап барған. Алайда Қытай билігі күйшіні қамауға алып, азаптап өлтірген. Бүгінде сазгердің 100-ден аса күйі көпшілікке белгілі.
Сағатбек Медеубекұлы, филология ғылымдарының кандидаты, ақын:
Бұл - Қожеке Назарұлының күйшілік дәстүрінің қайта жаңғырғаны. Заманауи бағытта қайта бір дамыған сәті деп есептеймін. Дамуға бет алған сәті. Сондықтан болашақта бұл әлі де жалғасады. Әлі де сабақтасады. Қожекені бүткіл қазақ қана емес бүкіл әлем білетін болады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банк» салымшыларына арналған баспана жәрмеңкесі өтті
20.04.2026, 20:58
Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
20.04.2026, 20:55
«Таза Қазақстан» экоакциясына 20 мың адам қатысты
20.04.2026, 20:53
Еріктілер Текелі таулы аймағын тазалады
20.04.2026, 20:51
«SuperStar KZ» байқауының кастингі Қызылорда қаласында жалғасты
20.04.2026, 20:47
15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
20.04.2026, 20:44
Президент ақын Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты
20.04.2026, 20:37
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
20.04.2026, 20:05