Қазақстандық компаниялар «Үрімші» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық компаниялар «Үрімші» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды

18.08.2023

Қазақстандық 40-қа жуық компания «Үрімші» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды. Ұлттық павильон стендінде макарон және май өнімдері, кондитерлік тағамдар, тәтті сусындар мен балмұздақтың түр-түрі қойылған. Тоқыма және зергерлік бұйымдар да сатылымда тұр. Қытайдағы Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында өтіп жатқан шараға Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қатысты. Екі ел арасын тек сауда-саттық емес, ортақ тарих байланыстырады. Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 11 түрін экспорттау мәселесі пысықталып жатыр.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу