Ресейде дронның соққысынан ғимарат зақымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде дронның соққысынан ғимарат зақымданды

18.08.2023

Ресей астанасындағы «Мәскеу-сити» орталығына тамызда осымен үшінші рет дрон құлады. Елдің қорғаныс министрлігі оның атып түсірілгенін мәлімдеді. Ұшқышсыз аппараттың соққысынан бір ғимарат зақымданған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ. Дегенмен алып мегаполистің барлық әуежайларында авиациялық сапарлар кестесі өзгерді. «Рейтер» агенттігі Мәскеуге украиналық дронмен шабуыл жасалғанын хабарлады. Ресми Киев бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.  


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу