«Көкпар» федерациясының құрметті президенті сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көкпар» федерациясының құрметті президенті сайланды

18.08.2023

Астанада республикалық «Көкпар» федерациясының кезектен тыс отырысы өтті. Федерацияның құрметті президенті болып танымал кәсіпкер, қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров сайланды. Жиында көкпар спортында қордаланған мәселелердің әлі де көп екені айтылды. Көкпар ережесін қайта қарастырып, толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша да атқарылар шаруа жетерлік. Алдағы уақытта ұлттық спорт қауымдастығы мен федерация жұмыла жұмыс атқармақ.

Айдарбек Қожаназаров, «Көкпар» федерациясының құрметті президенті:

Осы федерацияға келгенімнің себебі осы көкпарымызды заңды деңгейге көтеру. Себебі бұл спорт дұрыс деңгейде бағаланбаған. Бұл қазақтың рухын жандандыратын спорт.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу