Елбасы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

31.03.2015
Елбасы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

Қазақстан Президенті жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ, жоғары жетістіктер спортты дамумен қатар халықтың дене шынықтырумен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Д.Тұрлыханов отандық спортқа Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауы нәтижесінде ірі қалаларда ғана емес, шалғай өңірлерде де қажетті инфрақұрылымдар салынып жатқанын айта келіп, алғысын жеткізді.

Бұл жағдай қажетті іргетас қалауға мүмкіндік беріп, соның негізінде Қазақстан спортшылары өңірлік және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу