Түркістан облысында су ағатын каналдарды бетондау ісі бес жылдан бері аяқталмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында су ағатын каналдарды бетондау ісі бес жылдан бері аяқталмай жатыр

16.08.2023

Түркістан облысында су ағатын каналдарды бетондау ісі бес жылдан бері аяқталмай жатыр. Дренаждық жүйелерді жетілдіретін ірі жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Дүниежүзілік банктен қарыз алынған. Жоба құны 100 млрд теңгеден асады. Құрылыс уақытылы аяқталғанда кенезесі кепкен үш аудандағы шаруашылықтар суға қарқ болар еді. Алайда мердігерлер жұмысты кешіктіріп келеді

Мақтааралда шаруалар биыл мақталық алқаптарға су жеткізе алмай қиналып отыр. Өнім шілдеде екі рет суарылуы тиіс, алайда айлап су болмады. Себебі каналдарды әлі бетондап жатыр. Диқандар тым болмағанда су соратын қондырғылар қойып берсе, жағдай бұлай ушықпас еді дейді.

Сәрсенбай Шәмшиддинов, шаруа:

Шілденің 10-15-нен бері жүгіріп жүрміз ғой осы, ахуал осы. Уже бір ай болды почти, су жоқ. Арық алып қойғанбыз, жеріміздің бәрі кеуіп бара жатыр. Күніге мотордың басына барамыз, күніге осы су бермейді. Су жоқ міне, сусыз отырмыз. Бәрі құрап жатыр мақтаның барлығы.Күніге мотордың басына барамыз, күніге осы су бермейді.

Ал шардаралық шаруалар ПУИД жобасының пайдасын көрмедік деп налиды. Дәл мақта мен көкөніске су керек кезде тіршілік нәрі тапшы болады. Бұл мәселе соңғы бес жылдан бері қайталанып келеді.

Ілияс Құдияров, шаруа:

Мысалы үшін арада пикеттер бар ғой, сол пикеттердің арасын толық істеп болмай су бермейді. Бізге су керек болып қалса, бітпей бермейтіні бар бұлардың. Өйткені цементті, топырақтың барлығын дайындап қойған. Егер беріп жіберсе топырақтың барлығы ағып кетеді деп ұстайды сәлі. Ол енді жалпы аяқ жақтағы шаруаларға су кеш барады да , облицовка болмағаннан кейін.

Каналды жөндеп жатқан мердігер компания өкілдерінің өз уәжі бар. Айтуларынша, пандемияда жұмыс тұралаған. Ауа райы қолайсыз кездері де тоқтап тұрдық, арық - атыздардың кепкенін күтуге тура келді дейді олар.

Мейіржан Сайпиддинов, мердігер мекеменің өкілі:

2020 жылы өзіңіз білетіндей пандемия болды. Одан кейін бізде проект бойынша өзгерістер болып тұрады. Сол бойынша кішкентай уақыттарымыз өтті. Жылына бір 3-4 ай тоқтаймыз. Себебі, қыс уақтысында, жаңбыр жауған уақытта бізге, каналымызға кедергі келтіреді погодамыз.

Төрт облыстағы 105 мың гектар алқапқа су жеткізетін жобаның бастапқы мерзімінен кешігуіне қаржының жоқтығы –басты себеп.

Бақытжан Темірбеков, Су комитеті «Пуид-2» жобасы басқару тобының техникалық кеңесшісі:

Үкімет өкінішке орай ақшаны толығымен бөлмей отыр. Сол себепті мына жұмыс толығымен атқарылмай отыр. Негізінен жоспарда бар, осы биыл жақын арада шешілуі керек. Ақша бөлінеді, үкіметтен оң шешімі жақын арада шығады осы август айында. Сол себепті осы жобаның аяқталуы келер жылдың аяғына майға дейін жоспарланып отыр.

Қазір жобада көрсетілген жұмыстың сексен пайызға жуығы атқарылған. Мамандар жоба толық жүзеге асса әбден тозған ирригациялық және дренаждық жүйелер жаңарып, Түркістан облысы бойынша 62 мың гектар жер суармалы алқапқа айналады деп отыр.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу