Түркістан облысында бүйрек трансплантациясы жасалды
Түркістан облысының клиникалық ауруханасында алғаш рет бүйрек алмастыру операциясы жасала бастады. Бүгінге дейін 5 науқасқа жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті аяқталды. Білікті дәрігерлер мұндай отаға 7-8 жыл көлемінде дайындалғанын айтады. Әрі алыс жақын шетелдерде тәжірибе алмасқан. Сондай-ақ, мамандарға А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы қолғабыс еткен. Қазір өңірде 400-ге жуық адам гемодиализ қаблдайтын болса, соның 160-қа жуығы бүйрек алмастыруды қажет етеді. Дәрігерлер алдағы уақытта облыстық ауруханада бауыр алмастыру операцияларын жасамақ.
Жанболат Бердібайұлы, хирург-трансплантолог:
Екі науқасымыздың да жағдайы қазір жақсы. Гемодиализ сеанстарын қабылдап жатқан жоқ. Ол дегеніміз салынған бүйрек өзінің қызметін атқарып, зәр шығарып, организміндегі улы заттардың барлығын салынған бүйрек шығарып беріп жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дзюдодан Grand Slam турнирі басталды
08.05.2026, 13:24
Шымкентте С.Рахымовтың рухына тағзым етті
08.05.2026, 13:21
Миссиссипи штатындағы торнадодан 17 адам жарақат алды
08.05.2026, 13:18
Соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден берілді
08.05.2026, 13:15
Global Firepower 2026 рейтингінде Қазақстан 58 орында тұр
08.05.2026, 13:12
«Әлімбет» шекаралық бақылау-өткізу пунктін жөндеп жатыр
08.05.2026, 13:09
Саяси жүйеде өзгерістер болады
08.05.2026, 13:06
М.Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болды
08.05.2026, 13:03