Басты Жаңалықтар Саяси жүйеде өзгерістер болады

Саяси жүйеде өзгерістер болады

Саяси жүйеде ауқымды реформалар іске асады. Сайлау өтіп, бір палаталы жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай құрылады. Алғаш рет вице-президент лауазымы енгізіледі. Қос палата бүгін Президент туралы жаңа Конституциялық заң жобасын, Құрылтай мен депутаттардың мәртебесіне қатысты заңды және сайлау жүйесіне өзгерістер туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады.  Бұрын негізгі шешім бір орталыққа тәуелді болса, енді Парламенттің де, қоғамдық институттардың да ықпалы күшеймек.  Құрылтайға ресми саяси статус беріледі. Ол енді жиын ғана емес, қоғам пікірін билікке жеткізетін нақты механизмге айналуы тиіс. Сайлау заңындағы өзгерістер де маңызды. Депутат болу тәртібі, кандидаттарға талап және сайлау өткізу ережелері жаңарып, саяси алаңға жаңа адамдардың келуіне жол ашылуы ықтимал.


Бөлісу