Президенттің Жарлығымен бірқатар тағайындаулар болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Жарлығымен бірқатар тағайындаулар болды

14.08.2023

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды. Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу