Жетісу облысында тасқын: Ешкіөлмес ауылында 40 үйдің ауласына су кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында тасқын: Ешкіөлмес ауылында 40 үйдің ауласына су кірді

12.08.2023

Қатты нөсер салдарынан Жетісу облысының Ескелді ауданының бірнеше елді-мекенінің көшелерін су басты.

Атап айтқанда Ешкіөлмес ауылында 40 үйдің ауласына су кірді. Көксу ауданына қарасты Мәмбет ауылында бес үйдің ауласымен таудан аққан су жүріп өткен.

Сондай-ақ Талдықорған-Үштөбе тас жолының 35 шақырымында жол астындағы құбырдың шамасы жетпей таудан жиналған су тас жолдың беткі қабатын шайып кетті.

Жауын-шашын салдарынан қираған ғимарат және зардап шеккендер жоқ.

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.

Хабарламаларға жазылу