Елімізде магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді

11.08.2023

Магистратураға кешенді тест тапсырғандардың 41 пайызы шекті балды жинады. Сынаққа 40 мыңдай түлек қатысқан. Орташа көрсеткіш 70 балл. Ең жоғарғы балл – 136. Тест тапсыру кезінде ереже бұзған 281 қатысушының нәтижесі жойылды. Аудиторияға ұялы телефон мен басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болған 189 талапкер сынақ тапсыруға жіберілген жоқ.

89 адам тест кезінде ереже бұзған. Талапкерлердің орнына бөгде 2 адамның кірмек болғаны анықталды. Айта кетейік, биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінген. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу