Биыл білім гранттарының көбі техникалық мамандықтарға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл білім гранттарының көбі техникалық мамандықтарға беріледі

07.06.2018

Алдағы оқу жылына бөлінген білім гранттарының көбі техникалық мамандықтарға берілді. Сондай-ақ, IT саласына да биыл жылдағыдан көбірек, яғни, 1500 орын белгіленген.

Жалпы, бакалавр мамандықтары бойынша 53594, магистратураға 12504,  PhD докторантурада оқу үшін 2200-ден астам грант бөлінді.

Қорғаныс күштері мен арнайы мемлекеттік органдарға бөлінетін тегін оқу мүмкіндігі бұл тізімге кірмейді. Барлық ақпарат Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Түлектер онымен сол жерде таныса алады. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу