Шығыс Қазақстандағы ЖЭО-дағы 4 қазандық қыркүйекте іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы ЖЭО-дағы 4 қазандық қыркүйекте іске қосылады

11.08.2023

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында жылу энергия орталығындағы 4 қазандық қыркүйектің 20-на дейін іске қосылады. Ал күн қатты суыған кезде 6 қазандықтың бәрі толық жұмыс істейді. Сондай-ақ Риддердегі жылу желілері де жаңартылып жатыр. Бүгінге дейін 2 шақырымнан астам құбыр ауыстырылды. Жалпы жылу орталығын модернизациялауға 1 миллиардтан астам теңге бөлінді. 


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу