Павлодарда «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті

10.08.2023

Павлодардағы «Жүсіпбек Аймауытов» театрында «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті. Абай мұрасын зерттеуші, насихаттаушы ғалымдар тың естеліктермен бөлісті. Жергілікті ақындар ұлы ойшылдың өлеңдерін жатқа оқыды.Театрдың жас әртістері көрерменге Абай әндері мен жырларынан композиция тарту етті. Керекулік зиялы қауым өкілдері Абайға арнап осындай кештерді дәстүрлі түрде өткізіп тұруға уағдаласты.

Серік Елікбай, жазушы:

Абай әлемі қазақ әлемінің негізгі бөлшегінің бірі. Абайдан адасқан күні біз қазақтан адасамыз. Абай әлеміне, Абай сөзіне, жырына қызығушылар күн сайын артып келеді. Біздің ұлттық идеологиямыздың қалыптасуына, адамзатқа гуманистік көзқараспен қарауға, мемлекеттің алға қарай ілгерілеуіне Абай ілімі, Абай танымы өте қажет.


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу