Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы теңге бағамына қатысты болжам жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы теңге бағамына қатысты болжам жасады

10.12.2021

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы теңге бағамына қатысты болжам жасады. Айтуларынша қаңтарда төл ақшамыз долларға шаққанда 438 теңгеге дейін сәл құлдырауы мүмкін. Ал жыл бойы ең құнсызданғаны 446 теңге көлемінде болады дейді.

Болжам жасау үшін инфляция, мұнай бағасы секілді индикаторларға сүйенген сарапшылар, 2022-де базалық мөлшерлеме де 9,5 пайызға дейін төмендеуі мүмкін екенін айтып отыр. Ал бүгінгі бағам мынадай: Доллар- 434 теңге 40 тиын, еуро-493, рубль-5 теңге 90 тиын. 

Хабарламаларға жазылу