Сарыағаш ауданындағы ауызсу мәселесін министрлік бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаш ауданындағы ауызсу мәселесін министрлік бақылауға алды

08.08.2023

Өзбекстаннан келетін арықтың суын ауызсу ретінде тұтынып отырған Сарыағаш ауданы тұрғындарының мәселесі жауапты министрліктің бақылауына алынды. Бұл каналдың суы соңғы кезде ішуге мүлде жарамсыз жағдайға жеткенін жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Каналмен өлекселер ағып келуі жиілеген. Жағдайды жан-жақты зерттеу үшін Қазақстан мен Өзбекстан мамандарынан құрылған жұмыс тобы жасақталды.

«Қазір екі бірдей мекемеде қажетті сынамалар зерттеліп жатыр. Нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілетін болады», - дейді министрлік өкілі. Әзірше қос тарап ауызсудың сапасын қадағалауға уағдаласқан.

Серік Әбділлаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілі:

Өзбекстандағы біздің әріптестеріміз мүмкіншілігі барынша өз тарапынан шара қолданып, кезекшілікке мамандарын қойып, күндіз-түні бақылайтын болды. Р-1 каналы Өзбекстан территориясында болғанмен біздің Қазақстан Республикасының Түркістан филиалына қарасты. Теңгерімінде. Сол себепті бізде де сол жақтағы өзіміздің мамандарымызға да тапсырма берілді.


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу