Астана көшелерін су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана көшелерін су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры қызметінен босатылды

08.08.2023

Жауыннан кейін Астана көшелерін су басқаны үшін «Elorda eco system» мекемесінің директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды. Отын-энергетикалық кешен басқармасы мен аталған кәсіпорын коллекторларды тазартып, жауын суына арналған кәріз жүйесінің қуаттылығын арттыру қажет болған. Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі күн бұрын 6 тамызда жауын жауып, елордада бірқатар көшені су басқан еді. Осыдан соң қала әкімдігі жауын суына арналған 2,5  шақырым кәріз жүйесін саламыз деп отыр. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу