Басты Жаңалықтар Теміртауда жылу беру маусымына дайындық тексерілді

Теміртауда жылу беру маусымына дайындық тексерілді

Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді. «АрселорМитталТеміртау» Акционерлік қоғамы 2-ші жылу электр орталығындағы маусымға дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады.

Оның айтуынша, үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ жетінші қазандық салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде. Өйткені нысанда жұмысшылар жетпей жатыр, осының салдарынан негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда. Мердігер ұйым басшылығының есебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады. 


Серік Селеубай

Бөлісу