Америкада қазақ тіліне сұраныс артып келеді. Ана тілін үйренгісі келетін қазақтармен қатар америкалықтар арасында да қызығушылық бар. Сондай бір топ ақш азаматының кезекті тіл үйрену сабағына қатысып қайтқан меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлының репортажы.
Америкалықтардың қазақ тілін үйреніп жатқанына екі апта ғана болған. Қазірдің өзінде қал жағдай сұраса алады. Қарапайым бірнеше сөзі жаттап үлгерген. Тіпті оны жаза алады. Отызға дейін еркін санайды.
Кэрен Каноли бес тілде сөйлейтін полиглот жігіт. Қазақ тілін меңгерсе алты тілді білетін маманға айналмақ. «Күнделікті аз да болса тұрақты уақыт бөлсең кез келген тілді меңгеруге болады»- дейді.
Кэрен Канноли, АҚШ азаматы:
Нақты баға беруге ерте әрине. Десе де тіпті түрік тілімен салыстырғанның өзінде қазақ тілінде көптеген өзіне тән дыбыстар бар. Қ, Ү, Ң секілді. Қазір менің ауыз қуысы бұлшық еттерім мен кеңірдек пен көкірек тұсым да өзгеше қозғалысқа түсіп, тіл сындырып жатырмын. Америмкалықтар үшін оңай тіл емес.
Адун Сындин, АҚШ азаматы:
Мен колледжде оқығанда Орта Азия тарихы және мәдениетімен таныстым. Содан бері Қазақстанға қызығушылығым артты. Арнайы барсам деп жүрмін. Қазақ әуені мен бай дүстүрін ұнатып қалдым. Мен Кензаста туып өстім. Екі жақтың мәдениетінде ұқсастықтар бар. Канзаста да жайылымдар көп, халық незінен мал ұстайды, музыкалық аспаптар мен әуенде де ұқсастық аз емесін байқадым. Соны зерттегім келеді.
Америкалықтардың өтінішін жерге тастамай, қазақ тілін үйретуді қолға алған - Әсел Күзеухан. Ағылшындарға қазақ тілін тікелей үйретенін арнайы әдістеме таппаған соң өзінше нұсқаулық жасап алған. Бұрындары шетелікдіктер Қазақстанға жұмыс бабымен баратын болса орыс тілін үйренуге тырысатын. «Енді жағдай өзгеріп келеді»- дейді маман.
Әсел Күзеухан, қазақ тілін үйретуші:
Қазір олар қазақ тілін үйренуім керек деп орыс тілін ысырып, қазақ тілін үйреніп жатқаны үлкен жетістік. Және қазақтандағы қазақ тілін білмейтіндер үшін үлгі деп ойлаймын.
Қазақ тіліне ден қойған Кэрен орыс тілін жақсы біледі. Алайда, Қазақстанға барғанда сол елдің тілінде сөйлеуім керек. Әрі қазақтың салт санасын, ділін қазақ тілінсіз түсіну мүмкін емес дейді.
Жалғас Сәдібекұлы