Швецияда қазақ кітаптарына сұраныс артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда қазақ кітаптарына сұраныс артып келеді

31.10.2018

Стокгольмдегі Швецияның халық кітапханасына былтыр еліміздің ұлттық кітапхана ұжымы 200-ден астам кітапты сыйға тартқан болатын. Қазақстан бөліміндегі сөрелерге қазақтың тарихынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан сыр шертетін құнды еңбектер қойылған. Сондай-ақ, Жүсіпбек Аймауытов, Бердібек Соқпақбаев, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзалиев сынды ақын-жазушылардың үздік шығармалары да бар. Ішкі-сыртқы пішіні көздің жауын алатын қазақ ертегілері мен шығармаларына швед жастарының қызығушылығы басым.

Джеспер Питерсон, Стокгольм қаласының тұрғыны:

- Маған қазақ кітаптары ұнайды. Қазақстан жайлы көбірек білгім келеді. Тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті бай екенін естігенмін. Мақсатым - соны тереңірек зерттеу. Кітапханадағы қазақ бөлімшесіндегі кітаптарды оқып, түсіну үшін қазақша үйренсем деп жүрмін. Жазда елдеріңізге арнайы саяхаттау да жоспарымда бар. 

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу