Жапонияда 200 мыңнан аса ғимарат жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда 200 мыңнан аса ғимарат жарықсыз қалды

03.08.2023

Жапонияда «Ханун» тайфунының салдарынан 200 мыңнан аса ғимарат электр жарығынсыз қалған. Окинава аралында дауылдың екпінінен ағаштар құлап, электр сымдары үзілді. Мұнда жел сағатына 162 шақырым жылдамдықпен соққан. Табиғи апаттан 2 адам қаза тауып, 62 тұрғын жарақат алды. Аралда әуежай жұмысын қайта бастағанымен, 300-ден аса ұшақ рейсі кейінге шегерілді. Тайфун соққы берген аймақтарда тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Қазір дауыл Шығыс-Қытай теңізіне қарай ойыса бастады.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу