Коммуналдық тариф құнының қымбаттауына орай өтемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коммуналдық тариф құнының қымбаттауына орай өтемақы төленеді

03.08.2023

Коммуналдық тариф құнының қымбаттауына орай тұрмысы төмен отбасыларға өтемақы төленеді. Цифрлық даму министрлігі төлемді бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 13 тамыздан бастап қолданысқа енеді.

Ескеретін жайт, төлем кез-келген адамға төленбейді. Тек әлеуметтік қорғалған адамдар ғана осы көмекті ала алады. Өтемақы алу үшін абонент тұрғылықты жері бойынша әкімдікке тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, экрандағы құжаттарды ұсыну арқылы жүгінуі қажет.

- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

- аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжат;

- зейнетақы жарналары туралы анықтама

- жұмыс орнынан немесе жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

- балаларға және басқа да асырап отырған адамдарға алимент төлеу туралы мәліметтер;

- банк шоты;

- коммуналдық төлемдердің түбіртегі.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу