Түркияда лира бағамы қайта өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда лира бағамы қайта өсті

24.12.2021

Түрік лирасы долларға қатысты қайта нығая бастады. Бұған президент Тайып Режеп Ердоған жариялаған жаңа жоспар түрткі болып отыр. Мемлекет басшысы инвесторларды валюта бағамының ауытқуларынан қорғауға уәде берді. Нақтырақ айтсақ, лирадағы депозит кірісі долларға қарағанда төмен болса, азаматтарға өтемақы төленеді. Бұл мәлімдемеден кейін Түркия Орталық банкінің валюта резерві шамамен 6 млрд долларға азайған. Лира бағамының өсуіне сонымен бірге елдің мемлекеттік банктерінің долларды белсенді түрді сата бастауы да ықпал етіп отыр. Айта кетсек, жыл басынан бері лира өз құнының жартысынан көбін жоғалтқан еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу