Үкімет Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті

02.08.2023

Үкімет Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті. Құрылыс 2 кезең бойынша жүзеге асырылады. Жұмыстар ең алдымен ескі шаһар аумағында басталады. Мұнда әкімшілік кеңселер, тұрғын үйлер, мұз айдыны, спорттық-сауықтыру орталықтары салынады. Сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттар, ескі үйлер сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек. Бұған дейін бекітілген жоспар бойынша, шаһар көлемі – 9000 гектар болса, ал жаңа жобада бұл аумақ екі есе үлкейтілді, яғни 19 мың гектарды құрайды.

Қонаев қаласы жобасында жасыл желекті нысандар көп болады деп жоспарланған. Мұның барлығы «Жаңа Іле» аумағында салынады. Сондай-ақ ол аумақта транспорттық-логистикалық хаб бой көтереді. Себебі Еуропа және Қытай арасын байланыстыратын теміржол Алматы облысының жаңа орталығында орналасқан. Жобада аэропорттың орны да қарастырылған. Көлдің оң және сол жақ бөлігін байланыстыратын автожол көпірі де салынбақ.


Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу