Алматыда 16 қабатты үйден шыққан өрт сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 16 қабатты үйден шыққан өрт сөндірілді

01.08.2023

Шұғыл ақпарат. Алматыда 16 қабатты үйден өрт шықты. Оқиға «Ақкент» ықшам ауданында болды. 5-қабаттағы пәтерден от шыққан. Жалын кесірінен лифт шахтасындағы электр сымдары да өртенген. Қазіргі таңда 250 адам қауіпсіз жерге шығарылса, биік сатылардың көмегімен 40 адам эвакуацияланды. Тіпті тұрғындар жан сауғалап терезеден балаларын лақтырған. Бір топ адам, астынан тосып алып тұрған. Өртті сөндіру жұмыстарына 10-нан аса техника мен 50 маман жұмылдырылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тілсіз жау толық ауыздықталды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу