Өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

24.02.2021

Қазақстанда тағы 753 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. 56 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Өткен тәулікте бұл аурулардан өкінішке қарай 13 адам қайтыс болды. Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда 210 мыңға жуық адамның ковид жұқтырғаны расталған. Қазір 20 мыңнан аса адам вирустан емделіп жатыр. 236 науқастың жағдайы ауыр.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу